Accessibility links

Қытайдың ішкі барлау қызметінің экс-басшысы сотталды


Ма Цзянь сот залына кіріп келе жатыр. 27 желтоқсан 2018 жыл.
Ма Цзянь сот залына кіріп келе жатыр. 27 желтоқсан 2018 жыл.

Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік министрінің орынбасары болған Ма Цзянь (ішкі барлау қызметін басқарған) "құпия ақпараттарды сатты және коррупциялық қылмыс жасады" деп айыпталып, өмірлік түрме жазасына кесілді. Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, мемлекетке берілді. Сот шешімі 27 желтоқсанда Далянь қаласында шықты. Бұл туралы Қытай басылымдары және халықаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Пекин "Ма Цзянь Қытайдан қашып, қазір Нью-Йоркте (АҚШ) тұратын миллиардер Го Вэньгуиге көмектескен және сол үшін 100 миллион юань (14,5 млн доллар) көлемінде пара алған" деп айыптайды.

Ма 2015 жылы тұтқындалған. 2016 жылы Қытай коммунистік партиясы қатарынан шығарылған. Сотта Ма Цзянь өзіне тағылған айыптарды мойындап, сот шешіміне шағым түсірмейтінін айтқан.

Ма Цзянь 2006-2015 жылдары мемлекеттік қауіпсіздік министрінің орынбасары қызметінде істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG