Accessibility links

АҚШ Мадуроны Венесуэла президенті деп мойындамайды


Венесуэла президенті Николас Мадуро.
Венесуэла президенті Николас Мадуро.

АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны елдің заңды басшысы деп мойындамайды. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, Вашингтон диктатор деп санайтын Мадуроға қысымын күшейте түседі. Болтон көпшілігі оппозиция өкілдерінен құралған Венесуэла парламентіне қолдау білдірді.

Николас Мадуро 2018 жылдың мамыр айында Венесуэла президенті болып екінші мерзімге қайта сайланған. Жергілікті оппозиция дауыс беру кезінде заң бұзу оқиғалары көп болғанын мәлімдеген.

Мадуро Венесэуланы 2013 жылдан бері басқарып отыр. Ол билікке Венесэуланың бұрынғы президенті Уго Чавес қайтыс болған соң келген. Мадуро өзіне дейін ел басқарған Чавес "боливар социализмі" деп атаған экономикалық саясатты жалғастыра беруді қолдайды.

2018 жылы Венесэулада экономикалық дағдарыс тереңдеп, инфляцияның жылдық мөлшері бірнеше есеге ұлғайған. Елдегі қалалардың көбінде күнделікті тұтыну тауарлары мен азық-түлік қат болып, миллиондаған адам жұмыс іздеп басқа елдерге кетуге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG