Accessibility links

АҚШ заңсыз мигранттарды Мексикаға қайтара бастайды


Орталық Америка елдерінің бірінен шыққан мигранттар Мексиканың Тихуана қаласына жақын АҚШ-пен шекарадағы кедергілерден өтіп жатыр. Желтоқсан 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Орталық Америка елдерінің бірінен шыққан мигранттар Мексиканың Тихуана қаласына жақын АҚШ-пен шекарадағы кедергілерден өтіп жатыр. Желтоқсан 2018 жыл (Көрнекі сурет).

25 қаңтарда АҚШ билігі Мексикамен шекарадан заңсыз өтіп, паналатуды сұраған мигранттардың алғашқы тобын Мексикаға қайтара бастайды. Мексикада мигранттар арнайы орталықтарда АҚШ иммиграциялық қызметі өздерінің өтінішін қарағанын күтеді. АҚШ билігінің бұл қадамы иммиграциялық саясаттың күрт өзгере бастағанын көрсетеді.

Бір ай бұрын АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кирстен Нильсен пана сұраған мигранттар өтініштері қаралғанға дейін Мексикаға қайтарылатынын жариялаған. "Біз Мексика үкіметіне өз жоспарымызды ескерттік. Мексика бізге жауап ретінде өз шекарасында тиісті шаралар қабылдайтынын айтты" деді Нильсен. Вашингтонның мұндай саясатты Орталық Америка елдерінен келетін мигранттар санын азайту үшін жүргізіп отыр. Ол мигранттардың көбі пана беру туралы өтініші қанағаттандырылмаған соң АҚШ аумағында заңсыз қалып қойған.

АҚШ пен Мексика былтыр қарашада шекарадан әлі өтпеген мигранттар өздерін паналату туралы өтініші қаралғанға дейін Мексикада қала тұрады деген келісім жасасқан. Мексика бұған дейін АҚШ кері қайтарғандардан басқа мигранттарды қабылдаудан бас тартып келген.

Дональд Трамп әкімшілігі мен ішкі қауіпсіздік министрлігі Ақ үй иммиграциялық саясатты өзгертетінін жариялаған соң сынға қалған. Ақ үй енгізген ереже бойынша, АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттардың пана сұрап өтініш білдіруіне тыйым салынады, ал мигранттар АҚШ билігіне осы елді паналау туралы өтінішін шекарадан өтпей тұрып жасай алады және жауабын Мексика аумағында күтеді. Құқық қорғаушылар биліктің бұл екі шешіміне де қарсылық білдіріп, сотқа берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG