Accessibility links

Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді полиция басқармасына апарды


Азаттық тілшісі Сәния Тойкен.
Азаттық тілшісі Сәния Тойкен.

12 ақпанда Астанада Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді қызмет бабымен бірнеше анадан сұхбат алмақ болып, олардың үйіне барғанда полиция басқармаға алып кеткен.

- Билікке талап қойған бірнеше ана маған хабарласып, қысым болып жатқанын айтты. Солардың бірі Сәбира Есімханованың үйіне сұхбат алуға бардым. Кейін Көктал-1 шағын ауданында тұратын ана Күнсұлу Ысқақованың үйіне де сұхбат алу үшін келгенмін. Ол жерге барғанда полиция торуылдап жүр екен. Полиция жеке үйге не үшін келгенімді сұрап, басқармаға бару керектігімді айтты, - дейді Азаттық тілшісі.

Сәния Тойкен полиция қызметкерлерімен бірге Сарыарқа аудандық полиция басқармасына барған. Басқарманың қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы Данияр Әділов Азаттық тілшісімен жарты сағаттай сөйлесіп, кейін босатқан.

Әділов Азаттық тілшісіне "Күнсұлу Ысқақованың үйіне ұры түсуі мүмкін, сондықтан полиция күзетіп тұр" деген.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

6 ақпанда Астанада жүздеген ана жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған. 9 ақпанда Астанада ондаған ана "Астана" концерт залының алдына қайта жиналған. Осы оқиғалардан кейін билікке талап қойған кейбір аналарға полиция тарапынан қысым болғаны айтылған. Азаттық тілшісі Сәния Тойкен "полициядан қысым көрдім" деген аналардың шағымынан мақала дайындамақ болған.

Видео: Астанадағы аналар жиыны. 6 ақпан 2019 жыл.

"10 мың теңге жәрдемақыны қайда жеткіземін?"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG