Accessibility links

Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 8 жасар бала көз жұмды


Әскери қоймадағы жарылыстан кейін Арыс қаласы мен маңындағы елді мекендерден Шымкентке жеткізілген адамдар. 25 маусым 2019 жыл.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін Арыс қаласы мен маңындағы елді мекендерден Шымкентке жеткізілген адамдар. 25 маусым 2019 жыл.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде жараланған үш адамның бірі сегіз жасар Аян Ерболұлы ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа баланың әкесі Ербол Шәріпбеков хабарлады.

Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қалалық № 2 балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатқан баланың дәрігері Айдын Нұртасұлының сөзінше, Аянның жүрегі 2 тамызда таңертең тоқтаған.

24 маусымда Арыстағы әскери қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, адамдарды эвакуациялап жатқан кезде 8 жасар Аян Ерболұлын көлік қағып кетіп, басы жарақаттанған еді. Бүлдіршінді 28 маусымда санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына шұғыл жеткізген. Дәрігерлер балаға операция жасап, шетелден мамандар шақыртылған.

Әкесі Ербол Шәріпбековтің сөзінше, үйдің кенжесі Аян зерек әрі пысық бала болған. Бұған дейін Азаттыққа берген сұқбатында Ербол Шәріпбеков Арыс қаласындағы жедел жәрдемнің ұлына дер кезінде көмек көрсетпегенін айтқан.

Аян Ерболұлы - Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан өмірі қиылған төртінші адам. Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі үш адам - бір бейбіт тұрған мен екі әскери қызметкердің жан тапсырғанын хабарлаған. Жарылыстан соң 400-ден астам азамат дәрігер көмегіне жүгінген. Тағы 80 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Арыстағы жарылыстың хроникасы:

Арыстағы жарылыстың хроникасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:14 0:00

24 маусымда Арыс қаласында әскери қойма өртеніп, арты ірі жарылысқа ұласқан. Ресми дерек бойынша, ондағы оқ-дәрінің 70 пайыздан астамы жарылып кеткен. Қаладағы тұрғын үйлердің басым бөлігі бүлінген. Билік Арысты қалыпқа келтіруге 34,5 млрд теңге қажет екенін, әр тұрғынға 100 мың теңге берілетінін мәлімдеген.

Әскери қоймадағы жарылыстан кейін жергілікті билік бұзылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары биылғы тамызға дейін аяқталады деп уәде берген еді.

Әскери қойма жарылыстан бүлінген тұрғын үйдің алдында отырған адам. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 1 тамыз 2019 жыл.
Әскери қойма жарылыстан бүлінген тұрғын үйдің алдында отырған адам. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 1 тамыз 2019 жыл.

1 тамызда Арысқа барған Азаттық тілшісіне кей тұрғындар зақымданған үйді қалпына келтіру жұмыстары созылып кеткенін айтса, енді біреулері "жарамсыз болып қалған" үйлерін құлатып, жаңа үй салу қажет деп санайтындарын жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Үйіміз тұруға жарамсыз". Арыста ондаған тұрғын жаңа үй салуды талап етеді

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Арыста 8635 ғимарат бар. Снаряд түсіп бүлінген 7198 ғимаратты жөндеу қажет болған. 6059 үйдің шатыры жабылып, есік-терезесі жаңадан салынған. Қаладағы 66 әлеуметтік нысанның 62-сі бүлінген. Оның төртеуі жөндеуге жарамсыз болып, құлатылған. Бүлінген әлеуметтік нысандардың бір де бірінің құрылысы аяқталмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG