Accessibility links

Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Болтонды қызметінен босатты


Джон Болтон.
Джон Болтон.

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты. Трамп бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Кеше кешке (9 қыркүйек - ред.) Джон Болтонға Ақ үйдің ендігәрі қызметіне зәру емес екенін хабарладым. Әкімшіліктегі өзге адамдар сияқты мен де оның көптеген ұсыныстарымен келіспедім және сол себепті отставкаға кетуін сұрадым, бүгін таңертең [жұмыстан кету туралы] өтінішін тапсырды" деп жазды Трамп.

Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша жаңа кеңесшісін келесі аптада таныстыратынын айтты.

Әзірге Трамптың Болтонды не үшін қызметінен босатқаны белгісіз. Бұл ақпарат шықпай жатып Ақ үй сейсенбі күні Джон Болтон, мемлекеттік хатшы Майк Помпео және қаржы министрі Стивен Мнучин брифинг өткізеді деп хабарлаған. Брифингтің не жайлы болатыны айтылмады.

Тәжірибелі дипломат Джон Болтон 2018 жылы наурыз айында Ақ үйге келген. Оған дейін бұл қызметте Ресей елшісімен келіссөз жасағаны үшін дауға қалып, қызметінен кеткен Майкл Флинн және генерал Герберт Макмастер болған. Көп сарапшылар Трамптың Иранға қатысты ұстанған "қатаң саясатының" ар жағында "Болтонның қолтаңбасы тұр" деп есептейді. Ол Трамптың тапсырмасымен бірнеше рет Ресейге барып, Кремльмен келіссөз жүргізген.

Болтон жақында Шығыс Еуропа елдеріне ресми сапармен барып, Украина және Беларусь басшыларымен, Польша, Украина, Беларусьтің қауіпсіздік кеңесі төрағаларымен кездескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG