Accessibility links

HRW Тоқаевты шерушілерді жазалауын тоқтатып, реформа жасауға шақырды


Алматыдағы ұстаулар. 21 қыркүйек 2019 жыл.
Алматыдағы ұстаулар. 21 қыркүйек 2019 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "саяси реформалар жүргізу жайлы" бірнеше ай бұрын берген уәдесін еске салды.

Маусым айында президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың "адам құқығы ахуалын жақсартып, саяси реформа жасауға ниет танытқанын" атап өткен ұйым өткен демалыс кезіндегі жаппай ұстау және оның алдында белсенділерді қамаудан кейін "Тоқаевтың реформа жүргізу туралы уәдесіне күмән пайда болды" деп жазды.

Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы белгілеген "митингі орындарында" 21 қыркүйекте ресми дерек бойынша шамамен 100 адам ұсталып, 15 адам әкімшілік жазаға тартылған. Оқиға кезінде полицияның бейбіт шерушілерге дөрекі күш қолданылғаны хабарланды.

"Бір ер адамды полицияның жұлқып ұстағаны сонша оны газельге салып жатқан кезде протезі түсіп қалды" делінген мәлімдемеде.

Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

"Бейбіт жиын өткізу" туралы Қазақстан заңы ережелерін атап өткен ұйым шеру өткізу үшін азаматтардың жергілікті биліктен рұқсат сұрауға міндетті екенін, бірақ билік мұндай жиын өткізуге жиі рұқсат бере бермейтініне назар аударады. Ұйым маусым айындағы президент сайлауы және одан кейінгі күндері "рұқсат етілмеген митингіге" 4 мың адам шығып, жүздеген адамның әкімшілік жазаға тартылғанын еске салады.

"Егер Тоқаев Қазақстанның адам құқығы тәжірибесін шын мәнінде өзгерткісі келсе, бейбіт жиын өткізу туралы заңын реформалап, бейбіт шерушілерді қамауды тоқтатуы тиіс. Сөзбен айтылған уәде мен риторика жеткіліксіз" делінген мәлімдемеде.

21 қыркүйек күнгі ұстауларға байланысты түсініктеме берген Қазақстан билігі кейбір азаматтардың "арандатуға еріп", "рұқсат етілмеген митингіге шыққанын" айтқан.

Бұған дейін халықаралық ұйымдар Қазақстанда бейбіт жиналу құқығы бұзылып жатқанын бірнеше рет ескертіп, Нұр-Сұлтанды халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін орындауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG