27 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7:30 шамасында Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. "Bek Air әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.
ПІКІРЛЕР