Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев үкіметтің тарайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік басылымдар мен ақпарат агенттіктері хабарлады.
Медведевтің сөзінше, Владимир Путиннің 15 қаңтарда халыққа жолдауында айтылған Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысынан кейін үкімет тарату шешімі қабылданған.
Путин 15 қаңтардағы жолдауында Конституцияға өзгеріс енгізіп, президент өкілетінің жартысын Мемлекеттік думаға беруді, екі азаматтығы бар не шетелде тұрақты тұруға рұқсаты бар адамның президенттікке түсуіне тыйым салуды ұсынды. Бұдан бөлек, ол Конституцияның "бір адам екі рет қатарынан президент болып сайлана алмайды" деген тұсындағы "қатарынан" деген сөзді алып тастауды да ұсынды.
Интерфакстің хабарлауынша, Путин Медведев үкіметіне жаңа кабинет жасақталғанша қызметін жалғастыра беруді тапсырған. Бұдан бөлек, Путин Медведевке Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынды.
Медведев Ресей үкіметін 2012 жылдан бері басқарып келеді. 2008-2012 жылдары Ресей президенті болған. Ол 2012 жылдан бері "Единая Россия" партиясын да басқарады.
ПІКІРЛЕР