Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 29 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Whatsapp мессенджерінде бұл ақпараттардың барлығын жоққа шығарды.
"Қызылордада бір адам қызуы көтеріліп, бас ауруымен ауруханаға түсті. Ол жуынып алып, терезесі ашық вагонда ұйықтап қалған. Ол Хайнань аралынан келгендіктен ашық боксқа жатқызылды (Хайнаньда вирус тіркелген жоқ). Қазір оның жағдайы жақсы. Қызуы жоқ. Ал Жамбыл облысы бойынша тараған ақпаратқа қатысты айтарым, ол адамға тұмау тиген. Қазір жағдайы қалыпты, қызуы орташа. Алматы облысындағы азаматтарымыздың жағдайы жақсы. Олар Панфилов аудандық ауруханасында тексерістен өтті. Қазір оларды ауруханадан шығару жағы қарастылырып жатыр" дейді Бекшин.
Желіге шолу: Коронавирус жайлы желіде тараған ақпарттар қаншалықты рас?
ПІКІРЛЕР