Қазақстанда төртінші адамдан коронавирус табылды. Бұл туралы 13 наурыз кешкісін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип хабарлады.
Оның сөзінше, вирус Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғынынан табылды. Ер адам Қазақстанға 13 наурызда Германиядан жолаушылар ұшағымен ұшып келген. Қазір вирус жұқтырған қазақстандық Алматыда арнайы ауруханада жатыр.
Жұма кешке дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Германиядан келген екі адамнан, Италиядан келген бір адамдан Covid-19 вирусы табылғанын мәлімдеген еді.
Қазір Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны төртеуге жетті. Дертке шалдыққандардың бәрі - Қазақстан азаматы.
ПІКІРЛЕР