Accessibility links

Алматыда 211 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қаласында 218 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан: 182-сі - қалалық орталық клиникалық аурухана қызметкері, 30-ы балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында істейді. Науқастар арасында жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері және қаладағы бірнеше клиникалық ауруханада істейтін төрт адам бар. Бұл туралы 15 сәуірде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Бұған дейін 182 қызметкерінен коронавирус табылған Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасының басшысы қызметінен кеткен болатын. Аурухана карантинге жабылған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ізінше интернетте аурухана басшысын қызметінде қалдыруды талап еткен мекеме қызметкерлерінің видеосы да жарияланған. Ал мәселеге байланысты пікірін айтқан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "барлық мәселе эмоциясыз заң бойынша шешіледі" деген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық клиникалық ауруханасында емделген 215 адамнан тест алынып, 18 адамнан вирус табылған.

"15 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Алматыда 370 адамнан коронавирус табылған. Арасында алты бала, үш аяғы ауыр әйел бар. Стационарда 311 адам (Алматы облысынан келген бір адамды есептегенде) емделіп жатыр. Екі адам қайтыс болған. 58 адам жазылған. 253 науқастың жағдайы - орташа. Үшеуінің жағдайы - ауыр. 55 адамның жағдайы - орташа ауыр" делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның түрлі өңірінде коронавирус жұққан науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер қорғаныш заттардың тапшылығына, дәрігерлер қауіпсіздігінің сақталмағанына және жоғары жақтың қысымына шағымданған. Өткен аптада Жамбыл облысында инфекционист дәрігер шағымынан соң аурухана басшылығы қызметінен кеткен.

Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада алда тұр. Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі ірі қалаларда коронавирус жұққандар саны айтарлықтай азайды, есесіне аймақта көбейді деп мәлімдеген. Алайда кейінірек қалада жағдай қайта ушыққан.

Қарай отырыңыз: Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды (13 сәуір 2020 жыл).

Алматыда ең ірі клиникалық аурухана карантинге жабылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG