Accessibility links

IOM Қазақстан шекарасында қалған жүздеген тәжік азаматының елге қайтуына көмектесті


Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бекетіндегі автовокзалды отырған тәжік мигранттары. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, 2 маусым 2020 жыл.
Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бекетіндегі автовокзалды отырған тәжік мигранттары. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, 2 маусым 2020 жыл.

Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеудің кесірінен Қазақстанда қалып қалған жүздеген тәжік азаматы халықаралық ұйымның көмегімен еліне оралды.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (IOM) Азаттыққа 19 маусымда 635 азамат мінген 14 автобустың қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бақылау-өткізу пунктінен Өзбекстанға қарай өткенін айтты.

IOM дерегінше, олардың арасында жұмысшылар, студент-мигранттар, әйелдер мен балалар да бар.

Бұл сапарға Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметі келісім берген. IOM ұйымының хабарлауынша, тәжік азаматтарын үйге жеткізу сапарын АҚШ, Норвегия және ЮНИСЕФ қаржыландырған.

Үйіне қайтқан азаматтардың 25 пайыздан астамы - Қазақстан университеттерінде оқып жүрген 15-24 жас аралығындағы жастар. 15 пайызға жуығы - әйелдер мен балалар.

Наурыз айының соңында Өзбекстан коронавирус пандемиясына байланысты шекарасын жапқан. Содан кейін Өзбекстан арқылы өтетін көрші елдердің азаматтарына шекарадан өтуге рұқсат беруді тоқтатқан. Осыдан соң Қазақстанда жұмыс істеп жүрген жүздеген тәжік азаматы еліне өте алмай қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG