Accessibility links

Омбы ауруханасында ауыр халде жатқан Навальныйды Берлинге алып кетті


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресейдің Омбы қаласындағы ауруханада ессіз жатқан саясаткер Алексей Навальныйды Германия астанасы Берлинге ұшақпен алып кетті. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.

"Алексей мінген ұшақ Берлинге ұшып кетті. Қолдағаныңыз үшін барлығыңызға рахмет. Алексейдің өмірі мен денсаулығы үшін күрес енді басталып жатыр. Әлі көп нәрседен өту керек, бірақ қазір бірінші қадам жасалды" деді Ярмыш Twitter желісінде.

Алексей Навальный Омбы ауруханасының жан сақтау бөліміне 20 тамыз күні ауыр халде түсті. Ол сол күні Томскіден Мәскеуге бағыт алған ұшақта болған. Бірақ рейс кезінде саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ Омбы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Саясаткердің жақтастары оның уланған болуы мүмкін екенін айтады. Ярмыштың сөзінше, Навальный Томск әуежайындағы кофеханада бір кесе қара шай ішкен.

Навальный ауруханаға түскен соң Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель ресейлік оппозиционерді Еуропада емдеуге көмектесуге дайын екенін хабарлады. 12 тамыз күні Германия Навальныйды алып кету үшін Омбыға арнайы ұшақ жіберді. Алайда Омбы ауруханасы саясаткердің ахуалы тасымалдауға жарамайды деп қарсылық танытты. Бірақ кейін рұқсат берді.

Алексей Навальный Омбы ауруханасының жан сақтау бөліміне 20 тамыз күні ауыр халде түсті. Ол сол күні Томскіден Мәскеуге бағыт алған ұшақта болған. Бірақ рейс кезінде саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ Омбы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Жедел жәрдем көлігі саясаткерді қону алаңынан алып кеткен. Саясаткерді аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызып, оған өкпені жасанды желдету аппаратын қосқан.

Саясаткердің жақтастары оның уланған болуы мүмкін екенін айтады. Ярмыштың сөзінше, Навальный Томск әуежайындағы кофеханада бір кесе қара шай ішкен.

Навальный ауруханаға түскен соң Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель ресейлік оппозиционерді Еуропада емдеуге көмектесуге дайын екенін хабарлады. 12 тамыз күні Германия Навальныйды алып кету үшін Омбыға арнайы медициналық ұшақ жіберді. Алайда Омбы ауруханасы саясаткердің ахуалы тасымалдауға жарамайды деп қарсылық танытты.

Саясаткердің әйелі Юлия Навальная Омбыдағы күйеуі жатқан №1 ауруханаға сенбейтінін айтып, олар "Алексей ағзасындағы химиялық заттың жоғалып кеткенін күтіп отыр" деп айтқан.

Сол күні аурухана басшылығы Навальныйды Германияға алып кетуге рұқсат берді.

Омбы дәрігерлері саясаткердің ағзасында «улайтын заттар табылмады» деп, ағзадағы «зат алмасу бұзылған» деген диагноз қойды. Навальныйдың жеке дәрігері Анастасия Васильева Омбы ауруханасының қорытындысын терістеді. Оның сөзінше зат алмасуының бұзылуы диагнозға жатпайды, ол жай ғана адамның жай-күйі саналады. Васильеваның айтуынша, 20 тамыз күні саясаткердің қанындағы қант деңгейі қалыпты болған.

Навальныйды емдеуге Германиядағы "Шарите" клиникасы ниет білдірді.

44 жастағы Алексей Навальный Ресейдегі ең танымал оппозициялық саясаткер саналады. Ол Мәскеу мэрі және Ресей президенті сайлауларына түспек болып, биліктің кедергілеріне тап болған. Тек 2013 жылы ғана Мәскеу мэрі сайлауына толық қатысты, бірақ жеңе алмады. Осыдан кейін Кремль саясаткерді сайлау додаларына қатысуға мүмкіндік бермеді.

Саясаткер Ресей антикоррупциялық қорын құрып, елдегі олигархтар мен саяси элитаның жасырын байлығын әшкерелеумен айналысып келді. Оның деректі фильмдерін әлеуметтік желіде миллиондаған адам көрді. Ал ол ұйымдастырған саяси шерулерге ондаған мың адам жиналатын.

Навальный кейінгі он жылда бірнеше рет қамауға алынып, бас-аяғы 100 күннен астам түрмеде отырған. Оған бірнеше рет шабуыл да жасалған.

2017 жылы қаскөйлер оның бетіне жасыл түсті антисептик шашқан. Салдарынан Навальныйдың көзі күйіп қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG