Accessibility links

Парижде Charlie Hebdo журналының бұрынғы кеңсесіне шабуыл жасалды


Charlie Hebdo журналының бұрынғы кеңсесінің алдында жарақаттанғандарға көмектесіп жатқан мамандар. Париж, 25 қыркүйек 2020 жыл.
Charlie Hebdo журналының бұрынғы кеңсесінің алдында жарақаттанғандарға көмектесіп жатқан мамандар. Париж, 25 қыркүйек 2020 жыл.

25 қыркүйекте Парижде Charlie Hebdo сатира журналының бұрынғы кеңсесіне шабуыл жасалып, кемінде төрт адам жарақаттанды. Екеуінің жағдайы ауыр деп хабарлады BFM TV арнасы.

BBC сайтының жазуынша, редакция ғимаратын полиция қоршап, күмәнді пакет табылған.

France Press агенттігі екі күдіктінің бірі ұсталғанын хабарлады.

2015 жылы қаңтар айында қарулы екі адам Парижде Charlie Hebdo журналының редакциясына басып кіріп, жаппай оқ атып, 12 адам қаза тапқан еді. Шабуыл жасағандар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін басылымнан "кек алғандарын" мәлімдеген. Олар арнайы операция кезінде қаза болған.

Биыл қыркүйек айының басында Charlie Hebdo журналында көптеген мұсылманның ашу-ызасын туғызған карикатура жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG