Accessibility links

Орал әкімдігі шеру және пикет өткізуге рұқсат бермеді


Азаматтық белсенді Мақсат Айсауытов Орал қаласы әкімдігі ғимаратында бейбіт шеру өткізу туралы өтінішін әзірлеп жатыр. 12 қазан 2020 жыл.
Азаматтық белсенді Мақсат Айсауытов Орал қаласы әкімдігі ғимаратында бейбіт шеру өткізу туралы өтінішін әзірлеп жатыр. 12 қазан 2020 жыл.

Өткен тәулікте Covid тесті Қазақстанда 100 адамның вирус жұқтырғанын анықтады

Орал қаласының әкімдігі азаматтық белсенділердің бейбіт шеруіне рұқсат бермеді. Жергілікті билік кәсіпкердің жалғыз адамдық пикетін де мақұлдамады.

12 қазан күні бір топ белсенді жергілікті әкімдікке тарифтерді төмендету, саяси тұтқындарды босату және сайлау туралы заңды реформалау тақырыбында шеру өткізу туралы өтініш берген. Төрт күннен соң әкімдік шеруге рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

– [Шеру өтеді деген жердің] "бейбіт жиындар өткізуге рұқсат етілген орындар тізіміне кірмеуін" себеп қылды, – деді Азаттыққа акция ұйымдастырушыларының бірі Мақсат Айсауытов.

Өтінішінде белсенділер шерудің Жеңіс алаңынан басталып, Пугачев, Исатай-Махамбет көшелерімен Сарайшық көшесіне дейін жүретінін айтқан. Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Ербол Көшековтың маусымдағы ресми мәлімдемесіне сәйкес, бұл бағытқа рұқсат етілген.

Мұның алдында дәл осы топқа митинг өткізуге рұқсат берілмеген. Билік ол кезде де белсенділер сұраған жерді "бекітілген орындар тізіміне кірмейді" деп жауап берген. Айсауытовтың сөзінше, бастамашылар акцияны өткізуге қалай да қол жеткізуге бекінген және өтініш беруін жалғастыра бермек.

Сол күні жергілікті кәсіпкер Аслан Өтеповтың жалғыз адамдық пикет өткізу туралы өтініші де мақұлданбағаны белгілі болды. Кәсіпкер пикетті 20 қазан күні таңғы сағат 10.00-11.00 аралығында облыс әкімдігі алдына өткізгісі келген. Рұқсат бермеу туралы хатта ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Ербол Көшеков "өтініш митинг туралы заңның 10-бабына сәйкес келмейді" деп мәлімдеген. Ненің сәйкес келмейтіні құжатта көрсетілмеген.

– Мен әкімдікке жүгініп, түсіндіріп беруін сұрадым. Қазір олардан жауап күтіп отырмы, – деді Азаттыққа Аслан Өтепов.

Қазақстанның бейбіт жиындар туралы заңына сәйкес, азаматтар билікті бейбіт митинг өткізу ниеті туралы алдын ала ескертуі керек. Егер әкімдік рұқсат бермесе, мұндай митинг "заңсыз" саналады, ал оның қатысушылары жауапқа тартылады. Заңға сәйкес, пикет өткізу жергілікті биліктің мақұлдауын қажет етпейді.

Биыл 25 мамырда қабылданған заң бейбіт жиындардың өтуін жеңілдетуі тиіс болатын. Заң қабылданғанда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Бұл құжаттың басты ерекшелігі бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес" деп мәлімдеген. Заңды бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйым мен институт сынға алды. Олар заңның қабылдануымен бейбіт жиындарды өткізу керісінше қиындап кетті, билікке жиындардың өтуін қадағалау бойынша бұрынғыдан көп құзыреті берілді деп мәлімдеді. Қазақстан азаматтарының бейбіт жиын өткізу құқығы конституцияда жазылған.

Қазақстанда бейбіт жиын заңы қалай қабылданды? Заңның кемшілігі қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:15 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG