Таулы Қарабақ келісімі: Армения мен Әзербайжанға қай жерлер бұйырды?
10 қарашадағы Баку, Ереван және Мәскеу арасындағы келісімге сай, Әзербайжан, Таулы Қарабақтағы Степанакерттен басқа барлық аймақты, сонымен қатар Мардакерт және Мартуни қалаларын алады. Арменияның оңтүстіктігіндегі Иранмен шекаралас аймақтағы транзиттік коридорды алады. Бұл коридор Әзербайжан мен әзербайжандар тұратын Нахичеван автономиялық республикасын жалғайды. Армения әскері Қарабақтан толық кеткенге дейін Әзербайжан әскері аймақта қала береді. Ал Армения Таулы Қарабақтың орталығы саналатын Степанакерт қаласын және оған жапсарласа жатқан кейбір аймақтарды, Армения мен Қарабақты жалғастыратын ені 5 шақырым болатын көлік коридорын алады. Бұл коридорды кем дегенде 5 жыл Ресей бітімгерлері бақылайды.