Accessibility links

Түркия Ресей вакцинасы сынақтан өтсе, сатып алуы мүмкін


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасы Анкара талаптарына сәйкес келсе, сатып алуы мүмкін екенін айтты. Сөйтіп ол "Түркия Ресей вакцинасын сатып алудан бас тартты" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Осыған дейін Ресей билігі Гамалея атындағы орталық дайындаған "Спутник V" вакцинасын Түркия сатып алғысы келетінін хабарлаған еді. Бұл - әлемде алғаш тіркелген коронавирус вакцинасы.

Кей ақпараттарға қарағанда, Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан 50 млн коронавирус вакцинасын сатып алған Түркия желтоқсан айында жаппай егу бағдарламасын бастайды. Түркия денсаулық сақтау министрінің сөзіне қарағанда, Анкара 2021 жылдың соңына таман Pfizer/BioNTech вакцинасының 25 млн дозасын сатып алады.

Індет басталғалы 83 млн халқы бар Түркияда шамамен 900 мың адам коронавирусқа шалдығып, 15 мың адам қайтыс болған.

Ресейдің "Спутник V" вакцинасы 40 мың еріктіге сыналған. Төрттен біріне қарапайым ерітінді салынған. Сынақ тәртібі бойынша, оларға қандай дәрі салынғаны айтылмайды.

Сынақтың екі кезеңінен өткен ресейлік препарат 11 тамызда ресми түрде тіркелді. Үшінші кезеңінде Ресей мамандары "вакцина коронавирустан 95 пайыз қорғайтынын көрсетті" деп мәлімдеді. Вакцина туралы тәуелсіз мамандар пікірі әзірге жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG