Accessibility links

Латвияның AirBaltic әуе компаниясы Беларусь төбесінен ұшудан бас тартты


Латвияның АirBaltic әуе компаниясы Беларусь төбесінен ұшудан бас тартты. Бұл туралы Латвияның көлік министрі Талис Линкайтске сүйенген Delfi порталы хабарлады.

Порталдың жазуынша, мұндай шешім беларусь полициясының Минскіге қонуға мәжбүр болған ұшақтан NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичті ұстап әкеткеннін кейін қабылданған. Беларусьте оған Минскіде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" және "әлеуметтік араздық тудырды" деген айыптар тағылған.

Афиныдан Вильнюске қарай ұшқан Ryanair әуе компаниясының рейсі жексенбі күні ұшаққа бомба қойылғаны туралы ақпараттан кейін Беларусь астанасына төтенше жағдайда қонған еді. Төбеде лайнерді беларустің МиГ-29 истребителі бақылап жүрді. Бомба жайлы хабар өтірік болып шықты.

Латвияның көлік министрі бұл оқиға Беларусь әуе кеңістігінің қауіпсіздігі жайлы түрлі сұрақтарды туындатады деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG