Accessibility links

Сайрам-Өгемде жоғалған туристер: Соңғы екі адамның бірі өлі табылды


Сайрамсу шатқалы. Сурет Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтынан алынған.
Сайрамсу шатқалы. Сурет Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтынан алынған.

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем шатқалынан мамырдың соңында тауға шыққан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты" делінген министрлік баспасөз хабарламасында.

Министрліктің сөзінше, шатқалға тікұшақ жақындай алмай мәйітті құтқарушылар жаяу көтеріп алып шыққан. Мәйіт сараптама жүргізу мақсатымен полицияға тапсырылған.

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, опат болған ер азамат 2004 жылы туған. Денесін өз әкесі таныған.

Жоғалған туристердің екеуі ағалы-інілі болған. Бүгін табылғаны – ағайынды екеудің кішісі. Үлкенінің денесі мамырдың соңында табылған.

21 мамыр күні жеті турист Түркістан облысы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне саяхатқа шығып, 24 мамырда оралуы керек болған. 25 мамырдың кешінде туристердің жоғалғаны туралы арыз түскен. Жоғалғандардың арасында Ақтөбе, Атырау, Орал және Жезқазғаннан келгендер болған. Үш күннен соң жетеудің үшеуі құтқарылды, келесі күні екі мәйіт табылды. Хабарсыз кеткен туристердің жетіншісін іздеу жұмыстары одан әрі жалғаспақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG