Accessibility links

Австралияда мұрын спрейі түріндегі Covid екпесін сынай бастады


Австралия зерттеушілері Covid вакцинасының жаңа түрін сынақтан өткізе бастады. Өзге екпелердің ерекшелігі сол, оны мұрын спрейі көмегімен салады. Сынақтан сәтті өтсе, вакцина инеден қорқатындар үшін балама шешім болмақ.

Сынақты Брисбен қаласындағы Nucleus Network дейтін зерттеу компаниясы бастап отыр. Компанияның медициналық директоры, доктор Пол Гриффин қазіргі вакциналардың адамдарды ауыр халге түсуден қорғайтынын, ал австралиялық екпенің вирусты жұқтырудан сақтайтынын айтады.

"Патоген немесе вирус ағзаға қандай жолмен түссе, екпені сол жолмен салу тиімділікті күшейтеді... соның арқасында вирустың кіруіне жол бермейді" деп мәлімдеді Гриффин.

Ғалымдардың айтуынша, мұрын спрейі күйіндегі вакциналар нарыққа санаулы жылдан кейін шықпақ.

Қазір Австралияда екі коронавирус вакцинасы мақұлданған. Олар: AstraZeneca және Pfizer. Осы аптада елдің денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca екпесінің жастар арасында тромбозға әкеліп жатқанын, сол себепті оның тек 60 жастан асқандарға ұсынылатынын айтты.

Австралия билігі вакциналауды 2021 жылдың соңына қарай аяқтауды жоспарлап отыр. Коронавирус инфекциясы ссы күнге дейін елде барлығы 30 мыңға жуық адамнан анықталған. Оның 900-ден астам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG