Accessibility links

Байден АҚШ-та індет вакцина салдырмағандар арасында ғана тарап жатыр деді


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

Президент Джо Байден америкалықтарды вакцина салдыруға үндеп, коронавирус негізінен екпе алмағандар арасында тарап жатыр деп мәлімдеді.

"Бізде індет вакцина алмағандар арасында тарап жатыр. Егер сіз екпе салсаңыз, ауруханаға түспейсіз, реанимацияда жатпайсыз, өлім тұзағынан аман қаласыз" деді Байден.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та дельта варианттың жылдам тарауы және егуге ықылассыздық пен одан туындаған вакциналау науқанының кешігуі коронавирус жұқтырғандарды көбейтіп жіберген. Қазір күн сайын орташа есеппен 38 мың науқас тіркеліп жатыр. Бұл шілденің басындағы жағдаймен салыстырғанда үш есеге көп.

Дегенмен елде вакциналау науқаны басталмай тұрған кезең яғни, қаңтармен салыстырғанда бұл әлдеқайда төмен көрсеткіш. Жыл басында АҚШ-та күніне 250 мыңнан астам науқас тіркелген болатын.

Ауруды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметінше, коронавирустан қайтыс болғандардың 99 пайызы және ауруханаға түскендердің 97 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алмаған. CDC есебінше, елде вакцина тапшы болмаса да, АҚШ халқының 49 пайызы, ересектердің 60 пайызы ғана вакцинаның толық дозаларын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG