Accessibility links

Ауғанстанда бірнеше ірі қаланы басып алған "Талибан" Кабулге қауіп төндіріп тұр


"Талибан" қарулы тобы өздері басып алған Гераттағы үкімет ғимаратының маңында жүр. 13 тамыз 2021 жыл.
"Талибан" қарулы тобы өздері басып алған Гераттағы үкімет ғимаратының маңында жүр. 13 тамыз 2021 жыл.

Ауғанстандағы "Талибан" радикал қозғалысы кең ауқымды шабуылдары барысында Ауғанстанның үш ірі қаласы мен бірқатар уәлаят орталықтарын басып алды. Енді тәліптер ел астанасы Кабулға қауіп төндіріп тұр.

Кейінгі күндері "Талибан" содырлары елдің тұрғын халық саны бойынша екінші және үшінші ірі қалалары саналатын Герат пен Қандағарды, сондай-ақ Гильменд уәлаяты орталығы Ләшкергахты басып алды. Бұған қоса 13 тамызда "Талибан" қарулы қолы елдің оңтүстігіндегі Забул мен Урузган уәлаяттарының орталығын да бақылауына алып, батыстағы аймақ орталығы Горға да билігін орнатты.

"Талибан" Кабулдан шамамен 80 шақырым жерде орналасқан орталық Логар уәлаятының орталығы Пули-Алам қаласын, оған жақын маңдағы Ғазни қаласын басып алған. Тәліптердің Қандағар мен Гератты алуы мамыр айында АҚШ бастаған шетелдік коалиция күштері Ауғанстаннан кете бастасымен кіріскен кең ауқымды шабуылын бастағаннан бергі уақыттағы ең ірі жеңісі саналады.

"Талибан" қазір Ауғанстанның 34 аймағының орталықтарының жартысын және ауылдық аймақтардың үштен екі бөлігіне үстемдік орнатқан. Ал ел үкіметі қолында ауған астанасы және елдің әр жерінде өзара бытырай қоныс тепкен деуге келетін, қорғаныс әлеуеті осал бірқатар қала ғана қалып отыр. Қазір басты назар Кабулға ауып, жұртшылық бұл қаланың тағдыры не болар екен деп алаңдап отыр.

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби "Талибан" қарулы жасағы "Кабулды қоршауға тырысып жатқанын", бірақ қазіргі уақытта қала "қауіпті құрсауға түспегенін" айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG