Accessibility links

Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.

Жамбылдағы жарылыстың хроникасы

26 тамыз кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Жұма күні билік жарылыстан 13 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккенін, үш кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Азаттық сұрағына жауабына Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететіні туралы өтініш беретінін мәлімдеді. Жарылыс хроникасы.

22:04 26.8.2021

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, апат болған жерге баратын жолдардың бәрі, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың басқаруымен жедел штаб құрылды.

"Алматы-Тараз", "Тараз-Алматы" жолдарын облыстық жол полициясы экипаждары бақылауға алды.

21:51 26.8.2021

Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жарылысқа байланысты Тараз маңындағы автокөлік жолдарына шектеу қойылғанын хабарлады.

21:47 26.8.2021

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Facebоok желісіндегі парақшасында Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты бірқатар пойыздың кешігетінін хабарлады.

Оның ішінде Алматы-2 – Атырау, Алматы-2 – Шымкент, Маңғыстау - Алматы-2, Ақтөбе – Алматы-1, Шымкент – Алматы-2, Түркістан – Алматы-2, Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1, Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызы бар.

21:46 26.8.2021
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында "Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды" деп жазды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG