Accessibility links

Қорғаныс министрі Ермекбаев әскери қоймадағы жарылысты естіген сәтте отставкаға кетуді ойлағанын айтты


Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (сол жақтан бірінш)
Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (сол жақтан бірінш)

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сол аймаққа барған Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен кету жөнінде жоғары басшылыққа мәлімдеме жасайтынын айтты.

Кеше, 26 тамызда кешке қарай Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан соң әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен бастамалар көбейген. Соның ішінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен кетуі керек деген пікірлер бар еді.

Бүгін таңертең журналистерге брифинг өткізіп кетіп бара жатқан қорғаныс министріне Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы отставкаға кету жөніндегі пікірлерге қалай қарайтынын сұрады.

- Қазіргі басты мақсатым апат салдарын жою. Осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта "отставка сұраймын" деген шешім қабылдағанмын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді,- деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Нұрлан Ермекбаев: Отставкаға кету туралы шешім қабылдадым
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, әскери қоймада жарылған оқ-дәрілер осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан әкелінген.

2019 жылы 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, төрт адам қаза тапқан еді. Жарылыс болған күні мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған.

Биыл 26 шілдеде Шымкент қаласындағы әскери бөлімде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты айыпталған 16 адам сотталған еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялап, әскери қоймадағы оқ-дәрілерді елдімекендер төңірегінен алып кету жөнінде тапсырма берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG