Accessibility links

Тәжікстанда Хорогтағы толқуға байланысты арнайы зерттеу басталды


Таулы Бадахшан облысында болған толқу.
Таулы Бадахшан облысында болған толқу.

Тәжікстанда Хорогта болған оқиғаларды арнайы топ тексере бастады. Топқа Тәжікстанның бас прокуратурасы қызметкерлері мен азаматтық қоғам өкілдері кірген.

​25 қарашада тәжік күш құрылымдары Таулы Бадахшан облысының Шохдар ауылында арнайы операция жүргізіп, жергілікті тұрғын Гүлбиддин Зиебеков өлтірілген. Одан кейін жүздеген адам Хорог қаласындағы облыстық әкімшілік ғимаратының алдына жиналып, Зиебековті өлтірген күш қызметкерлерін жазалуды талап еткен. Бірнеше күнге созылған толқу кезінде полициямен қақтығыс болып, екі бейбіт азаматтың қаза болғаны хабарланған.

Озоди радиосының дереккөзі хабарлағандай, арнайы топтың мүшелері істі Макаров тапаншасын зерттеуден бастаған. Ресми мәлімет бойынша, Зиебеков онымен арнайы операция кезінде оқ атқан. Марқұм билік өкілдеріне қарсы күш қолданды деген күдікпен іздеуде жүрген. Бірақ Зиебековтің туыстары онда ешқашан қару болмағанын айтады.

Зерттеу ісі екі айға созылуы мүмкін.

28 қарашада Тәжікстанның Хорог қаласында 4 күнге созылған наразылық акциясы тоқтап, жиналғандар тараған. Наразылық акциясы кезінде қалада интернет байланысы үзілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG