Accessibility links

Алматыдағы күзет. 8 қаңтар 2022 жыл.
Алматыдағы күзет. 8 қаңтар 2022 жыл.

Мәсімов ұсталды. Ақтау мен Жаңаөзенде наразылардың көбі тарады. 8 қаңтарда не болды?

8 қаңтар. Қазақстандағы ахуалға шолу.

21:44 8.1.2022

8 қаңтарда Қазақстанда не болды?

Азаттық елдегі қазіргі ахуал жайлы мәтін түріндегі тікелей блог жүргізіп жатыр. 8 қаңтарда не болды? Шолып шығайық.

  • ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен тергеу изоляторына қамалды.
  • Жаңаөзен және Ақтау қаласында наразылардың көбі тарады, алаңда ондаған адам қалды.
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, "елдегі жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізген". Бұған қоса, Тоқаев "лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі сақталып тұрғанын", "сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін" айтқан.
  • Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 11 жастағы балаға оқ тиіп, қайтыс болды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, балаға 5 қаңтарда ата-анасымен көшеде жүргенде оқ тиген.
  • ІІМ елде ұсталғандар саны 4404 адамға жетті. Осыған дейін "арнайы операция" кезінде 26 адам өлтірілгенін, 26 адам жараланғаны хабарланған. Бұдан бөлек, қарулы күштердің 18 қызметкері қаза болғаны айтылған.
  • Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
  • Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев елден кетіп қалды деген сөз көбейген тұста оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде "Назарбаевтың Нұр-Сұлтанда" екенін жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG