Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікті Тоқаевқа тапсырған сәті. 2019 жылдың наурызы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікті Тоқаевқа тапсырған сәті. 2019 жылдың наурызы.

Тоқаев үкімет құрамын бекітті. 11 қаңтарда не болды?

10:18 11.1.2022

Апелляция соты журналист Лұқпан Ахмедияровты қамау жайлы шешімді құптады

Журналист Лұқпан Ахмедияров.
Журналист Лұқпан Ахмедияров.

Орал қаласының апелляциялық инстанциясы "заңсыз митингіге қатысқаны үшін" 10 күнге қамалған журналист Лұқпан Ахмедияровтың шағымын қанағаттандырмады.

— 10 қаңтарда күндіз сот онлайн өтті. Біз оны [Ахмедияровты] кінәсіз деп танып, босатуды сұрадық. Лұқпанның митингіге ең алдымен журналист ретінде қатысқанын және жұртты тәртіпке шақырып сөйлегенін айттық. Бірақ сот шағымымызды қанағаттандырмады, – деді заңгер Мереке Ғабдуалиев.

Лұқпан Ахмедияров 7 қаңтарда "заңсыз митингіге қатысқаны үшін" (488-баптың 6-бөлімі) әкімшілік қамауға алынған. Билік оны 5 қаңтарда Оралдағы орталық алаңда өткен наразылық акциясында жұрт алдында сөйлегені үшін әкімшілік жауапқа тартты. Қаңтардың басында өзге қалалар сияқты Оралда да Жаңаөзендегі әлеуметтік наразылықты қолдаған акция өткен.

10 қаңтарда дәл сондай айыппен оралдық адвокат Абзал Құспанның да 10 күнге қамалған.

Бұған қоса, 10 қаңтарда астаналық журналист Махамбет Әбжанның туыстары 5 қаңтардан бері оны таба алмай отырғанын мәлімдеген.

Қазақстанның әр өңірінде азаматтық белсенділердің ұсталып, қамалғаны жайлы хабарлар жиіледі.

Қазақстанда наразылықтар мен тәртіпсіздіктер күшейген соң елде төтенше жағдай жарияланып, интернет өшірілді. Арагідік интернет күніне бірнеше сағатқа қана беріліп жүр.

Елде интернет бұғатталып, тек ресми сайттар мен ресурстар ғана ашылып тұрған кезде нақты не болып жатқанын аңғарып, ұғу қиын. Кейінгі ресми мәлімет бойынша, ұсталғандар саны 9,9 мыңға жеткен.

10:23 11.1.2022
Мәжіліс Смайловтың премьерлікке кандидатурасын қолдады

11 қаңтарда мәжіліс отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьерлікке ұсынды. Оны депутаттар қолдады. Отырыс жалғасып жатыр.

5 қаңтарда Қазақстанда сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты наразылық өршіген тұста Асқар Мамин премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен болатын.

10:26 11.1.2022

Мәжіліс жиынына 89 депутат қатысып отыр. 89 депутат та Смайловтың кандидатурасын жақтады. Экс-президент Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның мәжілісте отырған-отырмағаны белгісіз. Оны эфирден көрсетпеді.

10:28 11.1.2022

Премьер болып тағайындалған Смаилов "Үкімет макроэкономикалық бағдарлама қабылдап, инфляцияны ауыздықтайды" деді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG