Accessibility links

Бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды


Ақорда. 5 қаңтар 2022 жыл.
Ақорда. 5 қаңтар 2022 жыл.

13 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Арнайы жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, жаңадан бекітілген үкімет құрамына кірмеген бұрынғы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі болып тағайындалды. 43 жастағы Мырзағалиев Энергетика министрлігіне 2021 жылдың қыркүйегінен бері жетекшілік еткен. Бұған дейін Тоқаев ол басқарған министрлікті сұйытылған газдың қымбаттауынан туындаған қаңтардағы оқиғаға кінәлілердің бірі ретінде атаған.

Бейсенбі күні сонымен бірге Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы ведомство жетекшісінің орынбасары болған.

13 қаңтарда сенат депутаты Сәуле Айтбаеваның өкілеті тоқтатылып, президенттің парламенттегі өкілдігі басшысы Бейбіт Исабаевтың сенат депутаты болып тағайындалғаны белгілі болды.

Ақорданың хабарлауынша, Стратегиялық жоспарлау мен реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиевті қызметінен босатқан. Әзірге оның қандай қызметке тағайындалғаны белгісіз. Ол 2020 жылдың қазан айынан бері осы қызметті атқарған. Оған дейін ұлттық экономика вице-министрі болған.

Қаңтардың басында Қазақстанда наразылық өршіген тұста үкімет отставкаға кетіп, наразылықтар мен тәртіпсіздіктерден кейін үкімет құрамы қайта бекітілген. Алайда кейбір сарапшылар Назарбаев тұсында билікте болған шенеуніктердің кабинет құрамына қайта келгенін алға тартып, "жаңа үкіметтің" елді дағдарыстан құтқара алатындығына күмән келтіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG