Accessibility links

Кәрім Мәсімовтың немере інісі қызметінен босатылды


Павлодар облысы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов.
Павлодар облысы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов.

Кәрім Мәсімовтың немере інісі Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция басқарма басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы 17 қаңтарда ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйырығымен Нұрлан Мәсімов Мырзаханов рапортқа сәйкес Павлодар облысының полиция басқарма басшысы қызметінен босатылды. Павлодар облысының полиция басқарма басшысы қызметінің міндетін полиция полковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекович атқарады" делінген ақпаратта.

48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция басқармасын 2019 жылдың желтоқсанынан басқарып келген. Ол бұған дейін қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің туысы.

Кәрім Мәсімовтың үстінен "Билікті басып алу» және «мемлекетке опасыздық жасау" баптары бойынша күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған еді.

56 жастағы Кәрім Мәсімов – Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Назарбаев оны 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындаған. Мұның алдында ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет премьер-министр қызметін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG