Accessibility links

Нұр-Сұлтанда Ресей елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған бір адам ұсталды


Полиция Украинаға соғыс ашқан Ресейдің әрекетін айыптап, пикет өткізбек болған ЖСДП мүшесі Талғат Омаровты ұстап әкетті. Нұр-Сұлтан, 25 ақпан 2022 жыл.
Полиция Украинаға соғыс ашқан Ресейдің әрекетін айыптап, пикет өткізбек болған ЖСДП мүшесі Талғат Омаровты ұстап әкетті. Нұр-Сұлтан, 25 ақпан 2022 жыл.

25 ақпанда Нұр-Сұлтанда Ресей елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған қала тұрғыны Талғат Омаровты полиция шара басталмай жатып ұстап әкетті.

Полиция оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісін де ұстап, газельге сүйрей жөнелген. Орта жолда босатты. Олар Азаттық тілшісінің ақпарат құралы екенін білген, себебі алдында барлық құжаттарын тексерген.

Өзін ЖСДП мүшесімін деп таныстырған Талғат Омаров ұсталмай тұрып Азаттық тілшісіне елшілік алдына келу себебін түсіндірді.

"Кремльдің әрекеті орыс халқының өзіне де ұнамай жатыр. Ресейдің өзінде азаматтар соғысқа қарсы болып жатыр. Украиналықтар бізге бауырдай. Оларға қолдау көрсету үшін шығып отырмын. Тағы да адамдар жиналуы керек еді. Кешігіп жатыр. Мүмкін орта жолда ұстап кеткен болар" деді ол.

Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігі маңында тұрған ЖСДП мүшесі Талғат Омаров және оның әрекетін бақылап тұрған полицейлер. Нұр-Сұлтан, 25 ақпан 2022 жыл.
Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігі маңында тұрған ЖСДП мүшесі Талғат Омаров және оның әрекетін бақылап тұрған полицейлер. Нұр-Сұлтан, 25 ақпан 2022 жыл.

Елшілік маңында көп полиция қызметкерлері жүрді. Талғат Омаровтың қолында плакат та болмады. Ол тіпті акцияны да бастамаған. Соған қарамастан бірден газельге отырғызып алып кетті.

Бір күн бұрын Алматыдағы Ресей консулдығы алдында Oyan, Qazaqstan белсенділері Ресейдің Украинаға соғыс ашуын айыптап, украин халқына қолдау білдірген. Оларды кейін полиция ұстап әкетіп, екі сағаттан кейін босатты.

Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап, қалаларында жарылыс жасап жатқанына екі күн болды. Украина билігі 25 ақпанда таңертең Ресей әскерінің Киевке жақындап қалғанын хабарлаған. Жұма күні таңертең қаланың бірнеше аумағында жарылыс болып, кемінде бірнеше адам жараланған. Бір адамның жағдайы ауыр деп хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG