Accessibility links

Тоқаев бұрынғы бас прокурорды Қауіпсіздік кеңесі хатшысы етіп тағайындады


Ақорда.
Ақорда.

Әсет Исекешов Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Оның орнына бұған дейін бас прокурор болып келген Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды. Нұрдәулетов сонымен бірге президент көмекшісі қызметін де қоса атқарады. Оны бас прокурор қызметінен босату және жаңа қызметке тағайындау туралы жарлықтар 25 ақпанда Ақорда сайтында жарияланды.

Жарлықта Әсет Исекешовтің президент кеңесшісі болып "қайта" тағайындалғаны да жазылған.

50 жастағы Әсет Исекешов 2020 жылдың қаңтарынан бері Қауіпсіздік кеңесі хатшысы болған. 2016-2018 жылдар аралығында астана әкімі қызметін атқарды. Одан кейін шамамен жарты жыл президент әкімшілігін басқарды. 2019 жылы наурызда бірінші президент қорының атқарушы директоры болып бекітілген.

Ғизат Нұрдәулетов 2019 жылдың наурызынан бері бас прокурор қызметін атқарған. Оған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары болған, шамамен он жыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне жетекшілік еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG