Accessibility links

Lufthansa Ресейге ұшпайтынын хабарлады. Бұған дейін Батыстың 10 елі Ресейге авиабойкот жариялаған


Еуропа одағының Ресей әуе компанияларына Еуропа аспанын жабуға дайындалып жатқаны байланысты Германияның Lufthansa әуекомпаниясы 27 ақпанға қараған түні мұнан әрі Ресейге ұшақтарын жібермейтінін жариялады.

Мұндай шешім туралы Lufthansa өкілі Reuters агенттігіне хабарлады. Әзірге 7 наурызға дейін шектеу көзделген. Flightradar24 азаматтық авиациясының мониторинг сервисі сенбі күні Ресей әуе кеңістігіне өткен ұшақтар кері қайтып жатқанын көрсеткен.

26 ақпанда немістің ARD телеарнасының Берлиндегі өкілдігі басшысының орынбасары Маттиас Дейс "Твиттер" парақшасына Еуропа одағы Ресей әуекомпанияларының ұшақтарына әуе кеңістігін толық жабуды жоспарлап отырғанын жазған еді.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты бұған дейін Литва, Латвия, Эстония, Словения, Румыния, Болгария, Чехия, Польша және Ұлыбритания Ресей ұшақтарына әуе кеңестігін толығымен жапқан болатын. Мәскеу жауап ретінде бұл елдердің ұшақтарына әуе кеңістігін жапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG