Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания Путин айналасындағы миллиардерлерге жаңа санкция салды


Дмитрий Песков.
Дмитрий Песков.

АҚШ Ресей басшысы президент Владимир Путиннің айналасындағы олигархтар мен өзге де ықпалды тұлғаларға жаңа санкция салды. Санкцияға ілінгендер арасында Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те бар.

Ресей Украинаға басқыншылық жасап, мыңдаған адамның жарақаттанып, қаза болғаны туралы хабар тараған шақта осындай ақпарат шығып отыр. БҰҰ мәліметінше, шамамен бір миллион адам Украинадан босып кеткен.

Ақ үй хабарламасында "Путиннің бас насихатшысы" деп аталған Песковтан бөлек, олигарх Әлішер Османовқа да санкция салғаны жазылған. Хабарламада ол Ресейдегі ең ауқатты адам, Путинге жақын адамдардың бірі деп сипатталған.

АҚШ мемлекеттік департаменті сонымен бірге 19 ресейлік олигарх пен олардың отбасы мүшелеріне, көмекшілеріне визалық тыйым салғанын хабарлады. Ақ үй хабарламасына сәйкес, бұл тұлғалар "Ресей халқының есебінен байыған". Тізімге енген тұлғалардың активтері бұғатталып, АҚШ-қа баруына тыйым салынады.

Ұлыбритания үкіметі де Османов пен премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Игорь Шуваловқа шектеу қойды. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі бұл екеуін "Ұлыбританияда мүддесі бар, Кремльге жақын" адамдар ретінде сипаттайды.

Бұған дейін Батыс Ресейдің Украинадағы басқыншылығына қарсы Ресей билігіне санкция салған. Санкция салынғандар арасында президент Владимир Путин, оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG