Accessibility links

Алматыда әйелдерді саясатқа араластыруды талап еткен митинг өтті


Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында өтіп жатқан митинг. Алматы 8 наурыз 2022 жыл
Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында өтіп жатқан митинг. Алматы 8 наурыз 2022 жыл

Бүгін 8 наурызда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдына мыңнан астам адам келіп, әйелдер құқығын жүзеге асыруды, гендер саясатын талап етті. Жиынға мыңнан астам адам келді, көпшілігі - жастар, әйелдер мен қыздар. Арасында әйелдердің түрлі ұйымдарының өкілдері байқалды. Митингіге қала әкімдігі рұқсат еткен.

Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында өтіп жатқан митингі. Алматы, 8 наурыз 2022 жыл
Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында өтіп жатқан митингі. Алматы, 8 наурыз 2022 жыл

Жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды, әйелдерді мемлекет басқару ісінеараластыруды талап етті.

Сөйлегендер "Әр әйел жалғызым", "Еркіндік, теңдік", "Қоғам әйелдермен санасуға тиіс", "Әйел бастаған көш алға", "Саясат – әйелдің ісі", "Қазақстанды феминизм құтқарады" деп ұрандатты. Митингіге сөйлеген шешендердің бірі алаңда тұрған әйелдерге "сайлауға түсуге, кандидатураларын ұсынуға" шақырды. Жиынды полиция бақылап тұрды.

Алматыда мұндай жиын былтыр 8 наурызда болған. Халықаралық әйелдер күні "Феминита", "КазФем", "SVET", "ФемАгора", "ФемСреда" қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеруге шыққан. Ол - феминист белсенділердің биліктің келісімін алып өткізген алғашқы акциясы болатын.

Азаттық жиыннан тікелей хабар таратты:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG