Ресей соғыста 1351 әскериі қаза болғанын айтады
Ресей қорғаныс министрлігі соғыста 1351 әскери қаза болып, 3825 әскериі жараланғанын мәлімдеді. Ведомство соғыс басталғалы әскерилері арасындағы шығынды екінші рет жариялап отыр. 2 наурызда Ресей 198 әскериі қаза тапқанын айтқан еді.
Киев бір айдың ішінде Ресей 13 мыңнан аса әскериінен айырылды (қаза тапқандар мен жараланғандар) деп мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрлігі бір айда Ресей кемі 7 мыңға жуық әскериін жоғалтты деп есептейді.
Ресей Украинаның 14 қаласының мэрін кепілге алған
Украина премьерінің орынбасары Ирина Верещук Ресей Украинаның 14 қаласының мэрлерін кепілге алды деп мәлімдеді.
"Ресей шекарашыларға шекарашыларды, моряктарға моряктарды ауыстырамыз деген талабы бар. Ал "Ресей кепілге алған 14 мэрді кіммен ауыстырамыз?" деген сұрағым бар. Қазір бұл мәселені халықаралық деңгейде шешіп жатырмыз" деді Верещук телемарафон кезінде.
Ресей бір айда 14 мың украиналық әскериді өлтірдік дейді
Ресей қорғаныс министрлігі соғыста 1351 әскери қаза болып, 3825 әскериі жараланғанын мәлімдеді. Мәскеу бір айда Украинаның 14 мың әскериі қаза тауып, 16 мыңы жараланды деп отыр.
Киев бір айдың ішінде Ресей 16 мыңнан аса әскериінен айырылды (қаза тапқандар мен жараланғандар) деп мәлімдеді. Наурыздың ортасында Зеленский Украинаның 1300 әскери опат болғанын айтқан.
АҚШ қорғаныс министрлігі бір айда Ресей кемі 7 мыңға жуық әскериін жоғалтты деп есептейді.
Соғыс уақытында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес, бұған қоса әскери қақтығыс кезінде тараптар қарсыласының шығынын асырып, өзің шығынын төмендетіп көрсететінін де ескеру керек.
Украина президентінің кеңсесі Ресей әскери теңіз флотының 200-мотоатқыштар бригадасының 645 солдатын жойдық деп мәлімдеді.
Украина президенті әкімшілігі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович "бригадада 648 әскери қызметкер болған, солардың 645-і қаза тапты, біреуі жараланды" деді.
Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.
ПІКІРЛЕР