Accessibility links

ҰҚК тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген топ ұсталғанын айтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық еткен, мемлекетке опасыздық жасаған, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария еткен деген күдікпен бір топ адамды (арасында шетел азаматы бар) ұстағанын хабарлады.

"Осы адамдар тобына бұлтартпау шарасын белгілеген тергеу соты оларды қамауда ұстайды ұйғарды. Олардың үстінен қозғалған қылмыстық істер "құпия" саналатындықтан, өзге ақпарат жария етілмейді" делінген ҰҚК таратқан қысқа ақпаратта.

Бұған дейін, 5 қаңтарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі, 2016 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов осындай айыппен күдікке ілініп, қамауға алынған еді. Бұл іс туралы әлі күнге мардымды ақпарат жарияланған жоқ: "өте құпия" саналатын қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.

14 қаңтарда Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов парламенттегі баяндамасында "мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет жасау және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын" хабарлаған. Оның ішінде Мәсімов пен қазір қамауда отырған оның үш орынбасарының ісі де бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG