Accessibility links

Киев облысының полициясы Бучада тағы үш ер адамның мәйітін тапты


Бучадағы зираттан табылған мәйіттерді эксгумациялау.
Бучадағы зираттан табылған мәйіттерді эксгумациялау.

Киев облысының полициясы Буча маңындағы орманнан тағы үш ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Бауырластар зиратында қолы байланған, көзі таңылған үш ер адамның мәйіті болған.

Облыстық полиция бастығы Андрей Небытов ер адамдар өлтірілмей тұрып азапталған болуы мүмкін деп болжайды. Олардың денесінен азаптау іздері байқалған. Оларды құлақтан атып өлтірген. Аты-жөндері анықталып жатыр. Жерлеу уақыты мен өзге де жайттарға қарағанда ер адамдарды Ресей әскері Киев маңында болған кезде жерлеген болуы мүмкін.

  • Бұл Ресей әскері кеткеннен кейін Киев облысынан табылған көптеген зираттардың бірі. Ресей Буча, Бородянск және Киев түбіндегі өзге қалалардағы қырғынға қатысы барын мойындамай келеді.
  • Украина билігінің айтуынша, Киев облысында Ресей оккупациясы кезінде қаза болған 1200-ден астам бейбіт тұрғынның мәйіті табылған.

XS
SM
MD
LG