Accessibility links

ОРК: Азаматтардың 53 пайыздан астамы дауыс берді


Орталық референдум комиссиясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-де азаматтардың 53,43 пайызы дауыс бергенін хабарлады. Яғни, 6 млн 262 мың 973 адам референдумға қатысқан. Конституция бойынша дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысқан референдум өткен болып есептеледі деді ОРК мүшесі Анастасия Щегорцова.

ОСК мәліметінше, ең жоғары белсенділік – Қызылорда облысында (65,3 пайыз), төмен белсенділік Алматы қаласында (23,6 пайыз) байқалған. Нұр-Сұлтанда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың - 41,13 пайызы, Шымкентте 59,32 пайыз дауыс берген.

Референдумға қатысу белсенділігі.
Референдумға қатысу белсенділігі.

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 11,7 млн қазақстандық енгізілген.

Дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Бес облыста – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облысында сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты бір сағат кеш жабылады. Одан кейін дауыс санау басталады.

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

XS
SM
MD
LG