Accessibility links

Бас прокуратура Шымкентте сотталған үш адамды "экстремистік ұйым мүшелері" деп бағалады


"Жаппай тәртіпсіздік" бабымен айыпталған белсенділер Жанмұрат Аштаев, Ләззат Досмамбетова, Қайрат Сұлтанбек. Щымкент соты, 15 шілде 2022 жыл
"Жаппай тәртіпсіздік" бабымен айыпталған белсенділер Жанмұрат Аштаев, Ләззат Досмамбетова, Қайрат Сұлтанбек. Щымкент соты, 15 шілде 2022 жыл

Бүгін, 18 шілдеде Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз брифингін өткізген бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп айыпталып, 3 жылға сотталған үш белсендіге "экстремистік ұйым мүшелері" деген баға берді.

"Жаппай тәртіпсіздікке Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ, Көше экстремистік ұйымдарының (Қазақстан соты тыйым салған, Еуропа парламенті бейбіт оппозициялық ұйым деп таныған ұйымдар – Ред.) жұмысына белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның үш жақтаушысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырулармен шектелмей, өздері қиратуларға қатысып, мемлекеттік мүлікке зақым келтірді, қалалық әкімдік ғимаратына шабуыл жасады" деп мәлімдеді Қилымжанов.

15 шілдеде Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен айыпталған белсенділер - Жанмұрат Аштаевты 3 жыл бір айға, Қайрат Сұлтанбекті үш жарым жылға, Ләззат Досмамбетованы 3 жыл 7 айға түрмеге кескен болатын.

Олардың туыстары мен белсенділер үкіммен келіспей, адвокаттары апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеген.

Қайрат Сұлтанбектің адвокаты Әбдіраман Аққұлов "азаматтық ұстанымын білдіру – қылмыс емес" деген. Ләззат Досмамбетова бостандығынан айырмауды сұраған, Аштаев кінәсін дәлелдейтін айғақ талап еткен.

Судья Еркебұлан Төлешов сот шешімін шығарғанда прокуратура сұраған жазаны кескен. Сот үкімінен кейін Ләззат Досмамбетова "кінәсіз екенін" жылап тұрып айтқан. Сотқа келген туыстары мен белсенділер "масқара" деп айқайлап, бір топ әйел күдіктілерді әкететін жолды жаппақ болған. Осы кезде Аштаевтың аяғы ауыр әйелі талып қалған еді.

Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты үш белсенді cотталды. Жақындары үкімге қарсы болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:37 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG