Accessibility links

Зеленский Ресей Украина жерін қайтармай онымен бейбіт келісімге бармайтынын айтты


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский жаулап алынған аймақтарды босатуды қарастырмайтын Ресеймен кез келген "бейбіт келісімді" Мәскеу күш жинап, соғысты қайта жалғастыру үшін пайдаланады деп санайды. Америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымына берген сұхбатында Зеленский осылай деп мәлімдеді.

"Ол екі облысты басып алып, қақтығысты тоқтата тұрайық дейді. Екі-үш жыл демалып, әл жинап алады да тағы екі облысты жаулап алады. Одан кейін тағы "қақтығысты тоқтата тұрайық" деп айтуы мүмкін. Солай жалғаса береді. Бұған күмәніңіз болмасын" деді Зеленский.

Украина президентінің сөзіне қарағанда, украин азаматтары Ресей жаулап алынған территорияны қайтармай онымен кез келген бейбіт келісім жасауға келіспейді. WSJ Украинада жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінен дерек келтіреді. Оған сәйкес, респонденттердің 89 пайызы Украина территориясын Ресейге беруді қарастыратын бейбіт келісімге қарсы шыққан.

24 ақпаннан бері Ресей әскері Украина оңтүстігіндегі Херсон және Запорожье облыстарының басым бөлігін, сонымен бірге Луганск пен Донецк облыстарының тұтас-дерлік бөлігін басып алды. Ресей күштері сонымен қатар Харьков облысының шығысы мен Николаев облысының оңтүстігін бақылауда ұстап отыр. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап, Донецк мен Луганск облысының бірқатар аудандарын бақылауына алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG