Accessibility links

"Алға", "Темір", "Батыр", "Еділ". Ресей Украинадағы соғысқа арнап 40-тан астам еріктілер батальонын жинаған


Украинадағы соғысқа жіберу үшін Ресей 40-тан астам атаулы ерікті батальон құрған. Бұл жөнінде "Коммерсантъ" жазды. Басылым мәліметіне қарағанда, мұндай бөлімшелер Ресей аймақтарында көктемнен бері жиналып жатыр. Ол туралы хабарландыру мен ақпараттарды жергілікті БАҚ-тар мен билік органдарының әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады. Батальон атаулары олардың қай аймақта құрылғанын білдіреді.

Санкт-Петербургте "Кронштадт", "Нева" және "Павловск", Якутияда — "Боотур" ( Эллэй Батыр сахалардың атасы саналады), Приморьеде — "Тигр", Қазанда — "Алға" және "Темір", Чувашияда — "Атал" (Еділ), Перм аймағында — "Парма" және "Молот", Амур облысында — "Амурский", Ленинград облысында — "Невский" және "Ладожский" батальондары құрылған.

Жергілікті тұрғындардан атаулы әскери бөлімшені Украинадағы соғысқа дейін алғаш рет Шешенстан құра бастаған. Олар Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ұрыс қимылдарына қатысқан. 26 маусымда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы соғысқа қатыстыру үшін "Солтүстік - Ахмат", "Оңтүстік- Ахмат", "Батыс - Ахмат" және "Шығыс - Ахмат" батальондарын құрған.

Еріктілер Ресей қорғаныс министрлігімен бірнеше айға келісімшарт жасасасып, ресми статус алады. Оларға берілетін төлемақы да әр аймаққа қарай өзгереді: айына 130 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Газет жазуына қарағанда, келісімшартпен барған, соғысты табысты жүргізген еріктілерге сыйақы мен шабуылға шыққан әр тәулік үшін 8 мың рубльден төленеді.

Өткен аптада Соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей аймақтарында еріктілерге ақша төлеу кейінге қалдырылғанын хабарлаған. ISW сарапшыларыың пікірінше, Ресей билігі еріктілер ақшаларын алған соң әрі қарай келісімшартты жалғастырғысы келмеуі мүмкін деп қауіптенеді.

Өткен аптада Чувашияның "Атал" ("Еділ")батальонының 40-тан астам еріктісі келісімшартта көрсетілген ақшаны төлемей жатқаны туралы республика басшысына шағымданған.

Ресейде еріктілерді жинау "астыртын мобилизацияның" бір нұсқасына айналған. Тек әскери комиссариаттар ғана емес "ЧВК Вагнер" сықылды жеке әскери компаниялар да еріктілер жинаумен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG