Accessibility links

Орыс әскерінен азат етілген Изюмде 436 мәйітке эксгумация жасалды, отызының денесінен азаптау іздері анықталды


Орыс әскерінен азат етілген Изюм қаласында кетіп бара жатқан украин жауынгері.
Орыс әскерінен азат етілген Изюм қаласында кетіп бара жатқан украин жауынгері.

Украинаның Ресей армиясынан азат етілген Изюм қаласында жаппай көмілген мәйіттердің барлығына эксгумация жасалып бітті. Барлығы 436 мәйіт қазып алынды. Кемінде отызында азаптау іздері анықталды. Бұл жөнінде Харьков облысы әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов хабарлады.

"Мойнына арқан байланған, қолы байланған, аяқтары сынған, жарақат алған мәйіттер бар. Бірнеше ер адамның жыныс мүшелері кесілген" деді Синегубов.

Оның сөзіне қарағанда, қаза болғандардың 21-і – әскери қыметкер, қалғаны бейбіт тұрғындар.

Синегубовтың айтуынша, Изюмнен кемінде үш зират табылған. Мұндай орындар Харьков облысының азат етілген өзге аудандарынан да анықталған. Қазір мамандар ол аумақтарды тексеріп, минадан тазартып жатыр.

  • Ресей Украина аумағына биыл 24 ақпанда басып кірген. Ресей әскері Изюмді 1 сәуірде басып алған. Жергілікті биліктің айтуынша, соғыс басталғалы бері қалада мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза болған. Көп қабатты тұрғын үйлердің 70 пайызына жуығы, қала инфрақұрылымының 80 пайызынан астамы бүлінген. Изюмде басқыншылыққа дейін 46 мың адам тұрса, қазір он мың адам қалған.
  • Украин күштері Изюм мен ондаған елді мекенді 10 қыркүйекте азат еткен. Харьков облысында украин әскерінің контршабуылының нәтижесінде 388 елді мекен украин жағының бақылауына өткен. Ресей қорғаныс министрлігі Балаклея мен Изюмнен орыс әскерінің кетуін "әскерді басқа жаққа көшіру" деп түсіндірген.
XS
SM
MD
LG