Accessibility links

Еурокеңес жетекшісі Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруға үндеді


Шарль Мишель
Шарль Мишель

Еуроодақтың ең жоғарғы саяси органы Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамынан шығаруды ұсынды.

"БҰҰ Қауіпсіздігі кеңесінің тұрақты мүшесі жоқ жерден соғыс бастаса, оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі автоматты түрде тоқтатылуы тиіс. Бұл соғысты БҰҰ Бас ассамблеясы да айыптаған" деді БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі сессиясында сөйлеген Шарль Мишель. Ол сөз сөйлеген кезде экраннан Ресей делегациясын көрсетті.

Үзіліс кезінде Мишель POLITICO басылымына мобилизациядан қашып жатқан ресейліктер туралы пікірін айтты. Оның айтуынша, Еуроодақ "Кремльдің құралына айналғысы келмейтіндерге ашықтық танытуы" тиіс. Мәселе Еуроодақ елшілерінің 26 қыркүйектегі кездесуінде талқыланады.

  • Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де Ресейді Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның өзге құрылымдарынан шығаруға үндеген.
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Ресеймен қатар Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және Франция тұрақты мүше. Аталған бес елдің әрқайсысы Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына вето қою құқығына ие.
  • Мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдаудан Еуроодақ мүшелері Латвия, Эстония, Литва бас тартқан. Финляндия да еліне оралғысы келмейтін ресейліктерге виза бермейтін болды. Ал Германия "мобилизациядан қашу – баспана алуға негіз бола алады" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG