Мобилизацияға ілінген ресейліктер соғысқа қалай аттанып жатыр?
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп. Әскерге шақырту алғандар жақындарымен қоштасып, діни жоралғылар жасап, әскери базаларға аттанып жатыр. Ал елде Кремль жариялаған мобилизацияға наразылық күшейіп барады. Бірнеше аймақта жұрт жақындарын Украинаға соғысқа жіберуге наразы болып, көшеге шыққан. Бұған қоса, мыңдаған ресейлік шекара асып, көрші елдерге қашып жатыр.