Accessibility links

Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы қарсаңында Алматыда "Демпартияның" кемінде үш белсендісі ұсталды


Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы қарсаңында Республика алаңы маңында жүрген полиция қызметкері. Алматы, 5 қаңтар 2023 жыл.
Қаңтар құрбандарын еске алу шарасы қарсаңында Республика алаңы маңында жүрген полиция қызметкері. Алматы, 5 қаңтар 2023 жыл.

Алматыда "Демпартияның" үш белсендісі Гүлнар Мирмамбетова, Аружан Дүйсебаева және Абзал Достияров ұсталды. Бұл жөнінде Азаттыққа партия белсендісі, құқық қорғаушы Инга Иманбай хабарлады.

Оның сөзінше, Мирмамбетова мен Дүйсебаеваны полиция 5 қаңтарда таңертең үйлерінен шыққан кезде ұстаған. Гүлнар Мирмамбетова – Іле аудандық полиция басқармасына, Аружан Дүйсебаева Медеу аудандық полициясына әкетілген деп айтылады.

Инга Иманбайдың хабарлауынша, полиция Абзал Достияровты кішкентай қызымен бірге ұстап әкеткен. Белсенді қызын балабақшаға апармақ болған.

"Қазір ғана әйелі полицияға барып, қызын әкетті. Абзал сонда отыр" деді Инга Иманбай.

Полиция әзірге жауап бермеді. Медеу аудандық полиция басқармасының кезекші бөлімінде отырған Сұлтан Тастанбеков есімді қызметкер Азаттыққа әзірге басқармаға ешкім әкелінбегенін айтты. Ал полицияның қалған басқармалары жауап бермей тұр.

Бұған дейін "Демпартия" өкілдері 5 қаңтарда күндіз Республика алаңына барып, Қаңтар құрбандарына тағзым ететінін хабарлаған еді.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар қантөгісінің бір жылдығы қарсаңында елде Қаңтар құрбандарын еске алу шаралары өтетіні хабарланған.

5 қаңтарда Алматыда Республика алаңында күзет күшейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG