Accessibility links

"Қоғам баланы педофилден қорғамайды, өзін кінәлі қылады". Қызы зорланған ананың жанайқайы


Бұл эпизод сексуалдық зорлыққа ұшыраған баласына араша сұраған ана жайында. Баласының құқығын қорғап, кінәлілерді заң алдында жауапқа тартуды көздеген ол көрген қиындығын, қызының өміріндегі арпалысты, қоғамның түсінбеушілігін сөз еттік. Кейіпкеріміздің аты-жөні құпия қалсын.

Мұндай ауыр жағдайға ұшыраған бала мен оны ойлап шырылдаған ата-анаға кім қамқор болады? Олардың құқығын кім қорғайды?

"Қоғам баланы педофилден қорғамайды, өзін кінәлі қылады". Қызы зорланған ананың жанайқайы
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:40 0:00

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда жылына 800 балаға зорлық көрсетіледі. Мұның ішінде оларды зорлаумен бірге, ұрып-соғу мен қорлау да кіреді. Былтыр сексуалдық зорлыққа ұшыраудың 170 фактісі, биылғы бес айдың ішінде 166 оқиға тіркелген. Жас баланы азғындық жолға түсірудің былтыр 55 фактісі болса, биыл 64 факт тіркелген. Кәмелетке толмаған балаларды жезөкшелікке тартудың былтыр төрт, биылғы бес айдың ішінде жеті фактісі тіркелген.

Бұл – статистика. Ал сарапшылар шынайы факт бұдан әлдеқайда көп екенін айтады. Баласы зорланғанын әдейі я мәжбүрлі түрде жасырып қалып жүргендер көп.

Үлкендер жұмысбасты болып, балалары қараусыз қалса, ең қиыны – сол. Бала бөтен ойлы жандардың жетегіне ерсе, оның бопсасына не арбауына түссе, ол түрлі қиындыққа ұшыратуы мүмкін. Сексуалдық зорлық – балаға қатысты жасалатын көп қылмыстың бірі ғана.

Зорлық көрген, тіпті ол сексуалдық болмасын, қарапайым қысым я буллингіге ұшыраған баланың өзін ата-анасының қорғамауы сатқындықпен тең дейді мамандар. "Баламмен бір командамын, қандай жағдай болса да, оны қолдауым керек". Сала мамандары ата-ана кез келген жағдайда осындай позицияда болуы керек дейді. Баланың көңіл-күйін, ондағы өзгерістерді бақылап, дер кезінде көмек берсек, ауыр жағдайдың алдын алып, баланы көп қиындықтан құтқарамыз. Эпизодта кез келген ата-анаға пайдалы кеңестер айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG