Украина президенті Владимир Зеленский Орталық Азия президенттерін «Жаһандық бейбітшілік саммитінде» көргісі келетінін мәлімдеді. Мұны ол Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің журналисі сұрағына берген жауабында айтты. Қазір Ресей әскери тоқтаусыз шабуылдап жатқан Харьков қаласында өткен Зеленскийдің баспасөз мәслихатына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан өзге де журналистер де қатысты.