Шығыс Еуропа елдерінің астаналарына үшкүндік сапарын аяқтаған Джо Байден Вашингтонның одақтастарын Ресеймен қатынастарды жақсарту әрекеті олардың есебінен болмайтыны туралы сендіре алганына үміт білдірді.
Прагадағы АҚШ елшісінің резиденциясында Азаттыққа сұхбат берген Байден «бұл мәселені шешкен сияқтымын» деп мәлімдеді.
Ол сондай-ақ бұрынғы Совет кеңістігіндегі ықпал ету саласына кедергі жасауға қатысты Мәскеудің әрекетіне немесе Кремлдің кез келген елдің қандай да бір одаққа қосылуына вето қою күшіне ие болуына АҚШ әкімшілігі жол бермейді деп атап көрсетті.
Байден президент Барак Обаманың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартуы Мәскеуге берілуді білдіреді деген алаңдаушылықтарды жою үшін Варшава мен Бухарест және Прагаға сапар жасады. Буш әкімшілігі Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатуды жоспарлаған еді. Бұған Ресей қарсылық білдірді. Ресми Прага мен Варшава зымыранан қорғаныс жүйесіне қатысты жаңа жобаға қатысуға дайын екендіктерін хабарлады.
Вице-президент сондай-ақ Вашингтонның әлемдік міндеттемелері мен Солтүстік Корея, Пәкістан және Иран сияқты елдерге аса назар аударуы Обама әкімшілігін Шығыс Еуропаны елемеуге алып баруда деген қауіптерді тыныштатуға тырысып көрді.
«Бұл жерде менің хабарым қарапайым: біз Еуропаға міндетті түрде араласып тұруымыз керек. Себебі, әлгі міндеттемелерімізді орындауымыз үшін бізге кеңейіп жатқан қауіпсіз, тұтас әрі еркін Еуропа қажет», - деді Байден.
Сонымен қатар АҚШ вице-президенті Ресей, Оңтүстік Кавказ, Ауғанстан, Пәкістан және Иран мәселелеріне байланысты өз пікірін білдірді.
Байденнің айтуынша, Ресей қазір өзінің жаңа ерекшелігі мен ролін анықтауда.
«Мен Ресейге шыншыл көзқараспен қараймын. Ресей алдағы онжылдықта оның мүддесі өзге бағыттан гөрі негізінен интеграцияға қайшы келмейді деген шешім шығарады деп күтемін. Біз тек қана диалогты жалғастыруымыз керек. Бірақ бізбен ымыраға келмейтін нақты нәрселер де жоқ емес», - деді Байден.
Ол Мәскеу соңғы онжылдықта Кремлде басым болған ауторитарлық басқару мен тайталас сыртқы саясатынан өзге бағытпен жылжи алады деп сенетінін атап көрсетті.
Джо Байден тынышсыз Оңтүстік Кавказдағы жағдайға байланысты оптимисттік көзқарасын жеткізді.
Вице-президент Түркияның Армениямен достық қарым-қатынастарды қалпына келтіру жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан арасындағы даулы Таулы Қарабахқа байланысты алғабасушылықтар оптимизм туғызады деп атап өтті.
Сонымен қатар Ауғанстан мәселесіне тоқталған Байден Обама әкімшілігінің арнайы өкілі Ричард Холбрукты Кабулда қолдамайды деген хабарларды «шындыққа жанаспайды» деп жоққа шығарды. Холбруктың Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен қарым-қатынастары шиеленісті жағдайда делінген болатын.
АҚШ вице-президенті Байден Карзайды қарашаның 7-дегі президент сайлауының екінші сатысына негізгі қарсыласы Абдулла Абдулламен түсуге келіскені үшін мадақтады.
«Ол біздің емес ауған халқының сеніміне қол жеткізуі тиіс. Ауған халқының сенімі мәселесін айтар болсам, Карзай сайлаудың екінші кезеңіне түсуге келісу арқылы бұл үдерісті бастады, яғни ол Ауғанстан конституциясына сәйкес сайлауға қайта түсетінін айтып, солай жасауда деп ойлаймын. Мәселе ауған халқында. Біз туралы емес», - деді Байден.
Бұған қоса АҚШ вице-президенті Пәкістанда Талибан мен Әл-Қаидаға қарсы күресте алғабасушылықтарды байқап отырғанын атап өтті. Қазір Пәкістан күштері Талибанға қарсы кең ауқымды операцияларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Байден Пәкістан әскерилері қажетті әрекет жасауда, олар өте күрделі проблемаға тап болып отыр деп мәлімдеді.
Байденнің айтуынша, АҚШ Пәкістанға экстремизммен күресуге қолынан келгенше көмектеседі бірақ Вашингтонның Пәкістанға әскери күштерді жіберу жоспары жоқ.
Ал Иран мәселесі туралы Байден Теһранмен ядролық мәселе жайлы келіссөз өткізіп жатқанымызда біз ешқашан демократия мен адам құқықтарына қатысты алаңдаушылықтарға көз жұмбағанбыз және ешқашан да көз жұмбаймыз деп атап көрсетті.
«Біз Иран халқының басым бөлігі АҚШ-қа қатысты достық көзқарасқа ие деп ойлаймыз. Олар дұшпан емес. Иран халқы қазір қиын кезеңнен өтіп жатыр, қазір олар өз үкіметімен қалай айналысатынын шешіп жатыр. Бірақ Иранның ядролық қару дамытпауы әлем мүддесі мен Иран халқының мүддесі сондай-ақ Еуропа елдерінің мүдделеріне жатады», - деді Байден.