Соңғы айларда шешен азаматтарының үшеуіне Стамбулда, біреуіне Венада қастандық жасалды.
Мұндай өлтірулер мен бопсалау әрекеттеріне байланысты қуғында жүрген Шешенстан азаматтары алаңдаушылық танытып отыр. Еуропада олардың саны 130 мың шамасында. Олар шетте жүрген шешен диссиденттеріне жасалған қастандық әрекеттеріне Ресей тыңшыларының қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтуда.
Шешенстанның өлтірілген бұрынғы президенті Аслан Масхадовтың ұлы Анзор Масхадов Норвегиядан Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:
“Мен Шешенстандағы туыстарым туралы қатты уайымдап отырмын себебі оларға бірнеше рет қысым жасалды”.
Анзор Масхадовтың айтуынша, билік орындары оған Шешенстанға орал деп қысым жасауда. Бірақ ол мұндай қорқытып-үркіту әрекеттеріне берілмейтінін айтады.
“Осыдан шамамен бір апта бұрын бізге бір адамдар арқылы хабар жіберіп, біздің Шешенстанға оралуымызды сұраған. Еліміз дамып жатқан-мыс. Бізге олар “сендердің Шешенстанда туыстарың бар, олар туралы уайымдайсыңдар ма?” деді. Демек, бізге бопсалау әрекеттерін пайдалануда. Бұл бірнеше рет қайталанып отыр. Соңғы рет олар бізге тікелей “егер елге оралмасаңдар, онда бұл туыстарың мен өздеріңе өте жаман болады” деп айтты,”- дейді Масхадов.
Ал өткен аптада YouTube интернет парақшасына шешен президентіне қарсы видеожазба шыққан еді. Ол бейнетаспада жас шешен жігіті өзіне Шешенстанның мәскеушіл президенті Рамзан Қадыров Норвегияда қуғында жүрген шешен қауымдастығының жетекшісін өлтіруге тапсырыс бергенін әңгімелеген болатын. Бұл айыптауларды растау мүмкін болмады.
Сонымен қатар, ақпанның 26-да Мұса Атаев есімді тағы бір шешен азаматы Стамбулда оққа ұшты. Ол соңғы 5 ай ішінде Стамбулда өлтірілген үшінші азамат болды.
Түркия басылымдарының хабарлауынша, елдің Ұлттық барлау ұйымы Ресейдің араласуымен болды деп күдіктелген бұл оқиғаларға байланысты тергеу ісін бастаған.
“Әрине бұған байланысты нақты бір Ресейдің үкіметтік мекемесін айыптау өте қиын бірақ менің пікірімше, бұл жерде тек Шешенстан үкіметі ғана әрекет етіп отырған жоқ”, - дейді Азат Еуропа / Азаттық радиосының Солтүстік Кавказ қызметінің тілшісі Аслан Аюбов.
Оның айтуынша, бұл өте күрделі операция.
“Мұндай әрекеттің шекарадан өту, арнайы төлқұжат жасау, арнайы жабдықпен қамтамасыз ету сияқты көптеген үйлестіру жұмыстары болады”, - дейді Аюбов.
Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әлгі үш шешен азаматының барлығы бірдей 7.62 MSP тапаншасымен өлтірілген. 1970-ші жылдардың басынан бері мұндай қаруды КГБ қолданған екен.
Шетте жүрген шешен азаматтарының өлтірілуі бұрынғы КГБ агенті Александр Литвиненконың өлімін еске түсіреді. Литвиненко 2006 жылы Лондонда радиациядан уланып қаза тапқан болатын. Оны Ресей агенттері өлтірді деген болжамдар айтылды.
Сонымен қатар, бұл оқиғалар 2004 жылы Қатарда қастандықтың құрбаны болған Зелимхан Яндарбиевтің өлімін еске түсіреді. Қатар полициясы Яндарбиветің өліміне қатысы бар деп күдіктелген екі Ресей азаматын қамауға алған болатын.